Мемлекет басшысы Астананың 10 жылдығына орай салынған жаңа гүлзарлар мен ескерткіштерді аралап көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Астананың 10 жылдығына орай салынған жаңа гүлзарлар мен ескерткіштерді аралап көрді

Мемлекет басшысы Астананың 10 жылдығына орай салынған жаңа гүлзарлар мен ескерткіштерді аралап көрді

Астана. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың 10 жылдығына орай облыстық әкімдіктердің қолдауымен салынған жаңа гүлзарлар мен ескерткіштерді аралап көрді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Шiлде 2008
  • 573
Фото - Caravan.kz

«Астана — тек астаналықтардың ғана емес, жалпы Қазақстанның бас қаласы, осыған байланысты мен барлық өңірлерге мерекеге дайындыққа атсалысып, өзіндік үлестерін қосуды тапсырдым. Сөйтіп қазір мен әрбір облыс жасаған гүлзарлар, ескерткіштер мен саябақтарды аралап шықтым. Мен барлық өңірлерге бар жанын сала жұмыс істеп, біздің Елордасымзға осындай тамаша тартулар жасағаны үшін алғыс айтқым келеді», -деді президент.

Н. Назарбаев : «Астана — Қазақстанның гүлденунің символы, біздің дамуымыздың символы. Барлық облыс орталықтары Астанаға қарап бой түзейді. Енді біз еліміз жаппай түрленіп, көркемдене түсуі үшін және аламдардың тұруы, демалуы мен еңбек етуіне қолайлы орынға айналуы үшін қалаларға, аудандар мен ауылдық жерлерге ден қоямыз», -деді.

Мемлекет басшысы КСРО батыры Бауыржан Момышұлына, Жамбыл Жабаевқа, Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш пен «Еуразия» ескерткіштерін аралап көрді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті