Қазақстанның өңірлері Астананың үлгісінде көріктендірілуге тиіс - Қазақстан президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның өңірлері Астананың үлгісінде көріктендірілуге тиіс - Қазақстан президенті

Қазақстанның өңірлері Астананың үлгісінде көріктендірілуге тиіс - Қазақстан президенті

Астана. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның өңірлері Астананың үлгісінде көріктендірілуге тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін облыс әкімдерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Шiлде 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Енді Қазақстан тіптен көріктене түсуі үшін қалалар мен аудан орталықтары жайластырылады. Бұның бәріне Астана серпін беріп отыр», — деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, «өңірлердің Астанаға сыйға тартқан гүлзарлары мен субұрқақтары қаланың әсемдігін арттыра түсті. Ең бастысы, барлық қазақстандықтардың Елордасының ісіне қатысы бар екенін көрсетіп берді»,- деді президент.

«Астанаға қарап, көптеген облыс орталықтары өз бетімен бой түзей бастады. Өңірлердің экономикасы өсіп, тұрмыс түзеле бастады. Ортақ көңіл-күй мен ортақ өсуден Қазақстан экономикасының өсімі мен Астананың гүлденуі құралады», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті