Ашылу рәсіміне Қазақстанның теннис федерациясының басшысы Болат Өтемұратов, Ресей теннис федерациясының басшысы Шамиль Тарпищев, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Ұлттық теннис орталығы негізгі кортта көрермендердің 2500 орынға және үш жаттығу корттарында 600 орынға арналған. Сондай-ақ, орталығында комментаторлық кабиналар бар. Телевизиялық хабар таратуға қажетті техникалық жағдайлар жасалған.
Теннис орталығының ашылуы аясында дүниежүзілік теннис жұлдыздары Маркоса Багдатис (Кипр) пен Янко Типсаревичтің (Сербия) қатысуымен матч-шоу болады. Сондай-ақ, мини-теннис бағдарламасының таныстырылымы, Қазақстан теннисінің жұлдыздары мен ұлттық жастар құрамасының қатысуымен парад өткізу жоспарланған.
Ұлттық теннис орталығының ашылуы Астананың 10-жылдығы мерекесіне орайластырылып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті