Р. Зелликтің үндеуі жақында Жапонияда болатын «Үлкен сегіздік» саммитінің төрағасына арналған хатта көрсетілген. Хатта Әлемдік банк, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен Халықаралық валюта қорының бағалауына сәйкес дағдарыстан ең көп зардап шегіп отырған халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 10 млрд АҚШ доллары шамасындағы қаражат қажет.
«Біздің көз алдымызда болып жатқан дүлей апат, дыбыссыз цунами, жойқын боран, бір сөзбен айтқанда, табиғат апаты емес. Бұл апат адамдардың әрекетінен туындаған. Сондықтан, оны шешетін де адам болмақ», — деп мәлімдеді Р. Зеллик.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті