Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Арыс — Шардара тас жолының 40-шы шақырымында таңғы сағат 6.00-де «Опель» көлігі аударылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы Арыс қаласының Аудандық орталық аууханаға жеткізілген. Ол жерде алған дене жарақаттарынан зардап шеккендердің бірі жан тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті