«Халық санының өсу қарқыны бойынша Астана қаласы бүкіл ел бойынша жетекші орында тұр. Соңғы 10 жылда оның халқы 250 мыңнан 700 мыңға дейін өсті», — деді К. Мәсімов.
«Астана қаласы 10 жыл бұрын жоспарланғандай 2030 жылы емес, міне, бірнеше жылдан кейін миллионер қалаға айналады деп күтілуде», — деп толықтырды ол.
Премьер-министр Астана қаласы үлкен мүмкіндіктер қаласына, қажырлы, мақсатты және алғыр адамдарды тарту орталығына айналып бара жатыр деп есептейді.
«Соған қарамастан, біз жеткен жерімізде тоқтап қалмаймыз. Біздің орта мерзімдегі басты мақсатымыз — әлемнің дамыған, бәсекеге қабілетті және бизнес жүргізуге қолайлы 30 қаласының қатарына ену», — деп сөзін түйіндеді К. Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті