«Шілденің 04-де «КЕГОК»АҚ-ның сыртқы желілерінде электр жалғастыру желілеріндегі кернеудің ауытқуларына байланысты «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның домна цехында №4 домна пешінің құбыры жарылу салдарынан газ құбыры мен ауа құбырына зақым келді. Ал үздіксіз болат құю цехының конверторлық цехында №1 және №2 машиналарында технологиялық апат болды», -делінген ТЖМ хабарламасында.
Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. «14 шілдедегі 06 сағат 30 минуттағы жағдаймен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ында өзгерістер болған жоқ. №1 прокат цехында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қалған барлық цехтар қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде», — деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті