Үкімет басшысы Астанадағы әлеуметтік-мәдени объектілердің құрылысы бойынша көшпелі кеңес өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Астанадағы әлеуметтік-мәдени объектілердің құрылысы бойынша көшпелі кеңес өткізді

Үкімет басшысы Астанадағы әлеуметтік-мәдени объектілердің құрылысы бойынша көшпелі кеңес өткізді

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының пемьер-мнистрі Кәрім Мәсімов кеше Астанадағы әлеуметтік-мәдени объектілердің құрылысы бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Шiлде 2008
  • 380
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңес жұмысына астана әкімдігінің, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің басшылары, мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Премьер-министр жалпы алаңы 43 мың шаршы метр, 3500 орынды көпфункциялы бөлмелі киноконцерт кешенінің құрылысы барысымен танысты және Тәуелсіздік сарайының құрылыс алаңында болды.

Көшпелі кеңеске қатысушылар аталған объектілердің пайдалануға беру мерзімі мен даму инфрақұрылымын, қаржыландыру, құрылысы жайындағы көкейкесті мәселені талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті