Шахтинскіде ЖЭО-ның жаңа бас директоры тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинскіде ЖЭО-ның жаңа бас директоры тағайындалды

Шахтинскіде ЖЭО-ның жаңа бас директоры тағайындалды

Шахтинск. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шахтинскіде ЖЭО-ның жаңа бас директоры болып Дмитрий Бухарин тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Шiлде 2008
  • 460
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Д. Бухарин энергетикалық кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесін жинақтаған. 1997 жылы Қарағанды 1-ші ЖЭО-ның бас инженері, 2004 жылы Тентек ЖЭО-ның техникалық директоры болып тағайындалды. Кейінгі кездері «ЦентрПром» ЖШС-ін басқарды.

«ЖЭО-ның бұрынғы директоры Манарбек Дәулетбақов қызметінен өз өтініші бойынша босатылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті