ТЖМ ақпаратына сәйкес, «2008 жылдың 3 шілдесінде Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына қырым-конго қанды безгегі деген күдікпен 34 жастағы ер адам жатқызылған. Диагноз расталды ( 30.06.2008 Түркістан қаласындағы Арыс-Түркістан каналында суда жүзу барысында кене шағып алған). 2008 жылдың 12 шілдесінде 15 сағат 30 минутта науқас қайтыс болды».
Алайда, департамент қызметкерлерінің пікірінше, бұл ақпарат сәл асығыстау болған. «Өлімге апарып соққан дәл осы себеп деген түпкілікті диагноз расталған жоқ, алғашқы зерттеулер нәтижесінде гепатит анықталды», — деді Н. Нышанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті