Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы көтерілді

Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы көтерілді

Орал. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында 14 шілде, дүйсенбіден бастап электр қуатының бағасы көтерілді. Бұл туралы облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіндегілер хабарлады.

  • 14 Шiлде 2008
  • 385
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысында 14 шілде, дүйсенбіден бастап электр қуатының бағасы 28%-ға көтерілді. Тұтынушылар енді бір киловатт электр қуаты үшін 6,30 теңге төлейді, бұл бұрынғы бағадан 1,38 теңге артық.

«Бағаның көтерілуі Ресейден алатын электр қуатының қымбаттауына байланысты, сондай-ақ, Орал ЖЭО-ның жұмыс істеуіне қажетті Қарашығанақ газының қымбаттауына да қатысы бар», -деді облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті төрағасының орынбасары Елена Билялиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті