Қазақстанда 2008-2009 жылдарда астықтың тұрақтандыру қоры 600 мың тоннаны құрайды - ҚР АШМ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2008-2009 жылдарда астықтың тұрақтандыру қоры 600 мың тоннаны құрайды - ҚР АШМ

Қазақстанда 2008-2009 жылдарда астықтың тұрақтандыру қоры 600 мың тоннаны құрайды - ҚР АШМ

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008-2009 жылдарда астықтың тұрақтандыру қоры 600 мың тоннаны құрайды. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Шiлде 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясы ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үкіметтің шешіміне сәйкес 600 мың тонна көлемінде астықтың тұрақтандыру қоры құрылады, ол астықтың бағасы көтерілген кезде пайдаланылады», — деді А. Күрішбаев.

Оның мәліметінше, елімізде азық-түлік қажеттілігіне шамамен 3,3 млн тонна астық қажет, ал еліміздегі 7 астықты өңір ғана өзінде өндірілген астықпен қамтамасыз етілген.

«Ал Алматы, Шығыс Қазақстан , Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалаларына азық-түліктік астық пен ұнды сырттан әкелу қажет. Осыған байланысты әкімдіктер өңірді ұнмен және астықпен қамтамасыз ету үшін дер кезінде шара қолдануы қажет»,- деді А.Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті