«Отырыс барысында демаркация үрдісінің тәртіптерін, 2009 жылға демаркациялық жұмыстарының жоспарын бекітетін бірқатар құжаттардың жобалары талқыланып, шекаралық белгілерді орнату орындарын анықтау бойынша жұмыс жалғастырылды»,- деді Е.Ашықбаев.
СІМ ақпаратына сәйкес, біріккен қазақстан-ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы үстіміздегі жылы қыркүйек айында Ресей Федерациясында өтетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті