Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше 6.00 сағат шамасында Қаржаубайұлы көшесінде, «Цезарь» мейманхана кешенінің аумағында жазғы дәмхананың 120 шаршы метр аумақтағы ағаш жайлары өртенді.
«Сағат 5.56-да бөлімше өртті шоғырландыра алды, сөйтіп, өрт мейманханаға қарай ойысқан жоқ», -деп хабарлайды мекеме. «2007 жылдың ақпан айында өртке қарсы күрес басқармасы бұл жерде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзуға қатысты бірқатар жайттарды анықтаған. Іс материалдары ауданаралық экономикалық сотқа жолданған, бұдан кейін дәмхана қожайыны заң бұзушылықтарды жойғанымен, бәрін жоймаған»,- делінген хабарламада.
Сонымен бірге, 12 шілдеде Жамбыл көшесінде «Әлия» жазғы дәмханасы жартылай өртеніп кетті.
Мекеме мәліметінше, жыл басынан бері Семейде сауда және қоғамдық тамақтандыру нысандарында 15 өрт шыққан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті