40 жастағы Серік Досжанов 6 шілдеде Сырдарияның жағажай аймағында демалып жатқан. Сол сәтте екі қыз бала суға бата бастап, адамдарды көмекке шақырған. Жігіт бірден көмекке ұмтылады. Онымен бірге қыздарды құтқаруға 23 жастағы Қанат Манибаев та ұмтылған, куәгерлердің айтуынша, ол қыздарды судың бетіне итеріп шығарып үлгергенімен, артынан өзі де суға бата бастаған.
С. Досжанов 11 және 13 жастағы екі қызды жағалауға жүзіп жетуге көмектесіп, сосын су түбіне кеткен Қ. Манабаевты табуға тырысқан, бірақ оны ағыс алып кеткендіктен, оның мәйіті күні бүгінге дейін табылмай отыр.
Ресейдің әскери бөлімінде жүргізуші болып істейтін С. Досжановты ерлігі үшін РФ ТЖМ-нің Байқоңырдағы бөлімшесінің қолбасшылығы марапатқа ұсынды. Оған құрмет грамотасы мен кір жуғыш машина табыс етілді. С. Досжановты сондай-ақ, Байқоңыр қалалық әкімшілігі де құрмет куәлігімен және бағалы сыйлықпен марапаттады.
Қаладағы барлық жағажай аймақтарында өзенде суда жүзуге тыйым салынған, бірақ, барлық демалушылар, соның ішінде қараусыз жүретін балалар ескертуге назар аудармайды. Жазғы екі айда Байқоңырға таяу жерде Сырдарияға 9 адам, соның ішінде 4 жасөспірім батып кеткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті