Павлодар облысында "Қазавиаорманкүзеті" кәсіпорнының Ми-2 тікұшағының экипаж мүшелеріне шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында "Қазавиаорманкүзеті" кәсіпорнының Ми-2 тікұшағының экипаж мүшелеріне шабуыл жасалды

Павлодар облысында "Қазавиаорманкүзеті" кәсіпорнының Ми-2 тікұшағының экипаж мүшелеріне шабуыл жасалды

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының Шарбақты ауданының Шалдай ауылында орналасқан "Қазавиаорманкүзеті" кәсіпорнының Ми-2 тікұшағының экипаж мүшелеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Шiлде 2008
  • 848
Фото - Caravan.kz

«Бетперде киген бір топ қарулы адам қызметтік аумаққа басып кіріп, Ми-2 тікұшағының экипаж мүшелерін соққыға жыққан. Экипаж командирі мен авиатехниктің едәуір жарақаттарына байланысты «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының мемлекеттік орман қорының аумағында әуе патрулі жасалмады», — деп хабарлады орман және аң шаруашылығы комитеті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті