Тәжікстан СІМ ақпарат департаментінің бастығы Давлат Назриевтің айтуынша, сұхбат барысында Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы стратегиясының орындалуына баса назар аударылды, онда өңірдегі қауіпсіздік мәселесіне басымдық берілген.
Тараптардың пікірінше, бұл істе Орталық Азия мен Еуропалық Одаққа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен 2008 жылдың 18-19 қыркүйегінде Парижде өтетін алдағы форумның маңызы зор болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті