Өткен тәулікте елімізде 8 адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте елімізде 8 адам суға батып кетті

Өткен тәулікте елімізде 8 адам суға батып кетті

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өткен тәулікте елімізде 8 адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Шiлде 2008
  • 356
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 14 шілдеде Ақмола облысының Адыр темір жол бекетінің маңында бір жас жігіт, Ақтөбеде Елек өзеніне 16 жастағы бозбала, Өскеменде рудалық материалдар комбинатының қазаншұңқырына 18 жастағы бозбала, Қызылорда облысында қала үлгісіндегі Тасбөгет ауылында бір жас жігіт, Қарағанды облысында Үштөбе ауылынан 4 шақырым жерде бір ер адам, ал Солтүстік Қазақстан облысында Озерное ауылында және Петропавловск қаласында Есіл өзеніне екі ер адам, Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылқұм каналында бір жігіт суда жүзіп жүріп суға батып кетті. Олардың мәйіттерін судан құтқару қызметтері судан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті