«Бейсенбі күні біз барлық жер қойнауын пайдаланушылардың басын қосамыз, сөйтіп, күзгі жиын-терім науқаны қарсаңында әкімшілік шараны да қолдана отырып ішкі нарыққа шығарылатын мұнай көлемін ұлғайтуға талпынатын боламыз», — деді С. Мыңбаев Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың ол басқаратын мекеме мұнай өнімдерінің бағасы күрт қымбаттап кетуге байланысты қандай шара қолданбақшы деген сауалына берген жауабында.
«Әзірге басқа жол жоқ», -деді министр.
Оның айтуынша, осы кездесуде жер қойнауын пайдаланушылармен мазут бойынша баға параметрлері келісіледі. «Жылыту маусымына дайындық басталды, мазуттың бағасы біршама өсіп, экспорттық, ресейлік бағаға жақындай түсті», — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті