Академик Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар межеленген - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Академик Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар межеленген

Академик Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар межеленген

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі академик Александр Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар өткізуді межелеп отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Шiлде 2008
  • 681
Фото - Caravan.kz

«Академик Александр Бараевтың 100 жылдық мерейтойына орай ҚР ауылшаруашылығы министрлігі, «ҚазАгроИнновация» АҚ, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми ұйымдары ауқымды ғылыми және қоғамдық шараларды өткізбекші», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, «мерейтойға арнап 2008 жылдың 1-2 тамызында Астанада және Ақмола облысының Шортанды ауданы Научный кентінде республикалық мемлекеттік органдары мен бұқара өкілдері, танымал отандық және шетелдік ғалымдардың, Қазақстанның астық өндірушілерінің қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді».

А. Бараев — көрнекті ғалым, Қазақстан мен ТМД елдерінде ауылшаруашылығы ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Ленин сыйлығының иегері, Социалистік Еңбек Ері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті