Батыс Қазақстан облысында табиғи монополия субьектілерінің тарифтік сметаны орындауына қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында табиғи монополия субьектілерінің тарифтік сметаны орындауына қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілді

Батыс Қазақстан облысында табиғи монополия субьектілерінің тарифтік сметаны орындауына қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілді

Орал. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында негізгі табиғи монополия субьектілерінің тарифтік сметаны орындауына қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті төрағасының орынбасары Елена Билялиева хабарлады.

  • 15 Шiлде 2008
  • 583
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұқара алдында «Орал Су Арнасы» ҚКК, «Батыс Қазақстан АЭК», «Жайықтеплоэнерго» есеп берді. Кәсіпорын өкілдері құрал-жабдықтың ескіруі және шығындар көлемінің ұлғаюына қатысты үлкен қиындықтарға душар болып отырғанын жеткізді. Мәселен, «Орал Су Арнасының» су қамтамасыздығы қызметі үшін нақты шығыны былтыр 11231,2 мың теңгені құрады, яғни, тарифтік сметада қарастырылғаннан 3,7% артық. Бұл электр құнының қымбаттауы, ЖЭО-ыннан сатып алатын су көлемінің ұлғаюы, амортизациялық аударымдардың ұлғаюынан болған. Нәтижесінде, су қамтамасыздығы қызметінің өзіндік құны іс жүзінде 1 текше метрі үшін 29,13 теңге болған, бұл бекітілген тарифтен 2,7% артық.

Сонымен бірге, Е. Билялиеваның айтуынша, 2007 жылы кәріз желілерінде 151 апат болған, соның салдарынан жөндеуге жұмсалған шығындар 4804,2 мың теңгеге өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті