Қазақстан мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен баруға шақыру алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен баруға шақыру алды

Қазақстан мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен баруға шақыру алды

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид аль Нахаяннан Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен баруға шақыру алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Шiлде 2008
  • 536
Фото - Caravan.kz

«Мен Сізді Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келуге шақырамын», — деді БАӘ президенті екі жақты келіссөздер барысында.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид аль Нахаянның Қазақстанға бірінші ресми сапары екенін атап өтті. «Сіздің қазақ халқына деген айрықша назарыңыз екі жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін паш етеді», -деді ол.

Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $304 млн, ал ағымдағы жылдың бес айында $140 млн болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті