Атырау облысында "Орталық Азия - Орталық" магистральдық газ құбыры жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында "Орталық Азия - Орталық" магистральдық газ құбыры жарылды

Атырау облысында "Орталық Азия - Орталық" магистральдық газ құбыры жарылды

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысының Мақат ауданында кеше облысында "Орталық Азия - Орталық" магистральдық газ құбырының 698-ші шақырымында газ тасымалдаған кезде құбыр жарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Шiлде 2008
  • 504
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, «орта қысымды (бір шаршы сантиметрге 46,2 килограмм), диаметрі 1200 мм магистральдық газ құбырының жарылуынан өрт шыққан. Кешкі сағат 18 30-да болған бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ».

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиғаның салдарынан «Орталық Азия — Орталық» магистральдық газ құбырының бір бөлігі істен шығарылды, бірақ тұтынушыларға газ жіберу үзілген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті