Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жаттығулар барысын Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрлері Даниал Ахметов пен Анатолий Сердюков бақылаған. Сондай-ақ, бақылаушы ретінде Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан мен Өзбекстан елдерінің қорғаныс министрлері шақырылған. Жаттығуларға Қазақстан армиясының атынан аэроұтқыр әскерлердің десантшылары мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық бөлімінің әскери қызметкерлері қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті