Қазақстанда қылмыстық жолмен табылған және сотталушының өз туыстарының атына жаздырған мүлкін тәркілеп алу мүмкіндігі талқылануда - ҚР Жоғарғы соты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қылмыстық жолмен табылған және сотталушының өз туыстарының атына жаздырған мүлкін тәркілеп алу мүмкіндігі талқылануда - ҚР Жоғарғы соты

Қазақстанда қылмыстық жолмен табылған және сотталушының өз туыстарының атына жаздырған мүлкін тәркілеп алу мүмкіндігі талқылануда - ҚР Жоғарғы соты

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда қылмыстық жолмен табылған және сотталушының өз туыстарының немесе жалған адамның атына жаздырып алған мүлкін тәркілеп алу мүмкіндігі талқылануда. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Ирак Елекеев бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Шiлде 2008
  • 663
Фото - Caravan.kz

«Осындай идея ұсынылып отыр, ол қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде пайда болған берешектерді өтеу жайында сөз болған кезде ақталады деп мен сенемін», — деді И. Елекеев.

«Ол қылмыстық кодекске өзгерістер түрінде енгізіледі, бірақ әзірге бұл мәселе талқылану үстінде. Жоғарғы сот осындай өзгерістердің бастамашысы бола алады», — деді ол.

Туыстарының немесе жалған адамдардың атына жазылған мүлікті меншіктену құқығы іс жүзінде сотталушының иелігінде екендігінің дәлелін тергеу органдары жинауға тиіс, деді И. Елекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті