Зымыран тасығыш 15 шілдеде темір жолмен Төретам станциясына жеткізілді. Кедендік рәсімдеуден кейін зымыран атсығыш тиелген құрам ғарыш айлағының аумағындағы темір жол тармағымен ұшырылымға дайындау үшін ғарыш айлағының алаңына жеткізілді.
Қазір тапсырыс беруші Канада және Ұлыбритания фирмаларының өкілдері Роскосмос мамандарының қолдауымен ғарыш айлағының №31 алаңында №40 монтаж-сынақ корпусының камераларында RapidEye бағдарламасы бойынша бес жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстарын аяқтауға жақын.
Бес жер серігін алып ұшатын «Днепр» зымыран-тасығышының кластерлік ұшырылымы тамыздың ортасында жүзеге асырылмақ.
«Днепр» зымыран тасығышы (РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының конверсиялық өзгертілген түрі) RapidEye жүйесінің қашықтан зонд жүргізу және мониторинг мақсатындағы бес жер серігін мақсатты орбитаға шығаруға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті