А. Ахметовтың айтуынша, сұхбат барысында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың Тәжікстанға жасайтын ресми сапарына дайындық мәселелері талқыланды. Бұл сапар, елшінің пікірінше, қарым-қатынасты одан әрі дамытуға қуатты серпін беруге тиіс. «Біз сонымен бірге Қазақ мәдениетінің Тәжікстандағы күндеріне дайындық жайын да талқыладық»,- деді елші.
Елшінің мәліметінше, 2007 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $300 млн асқан. «Қазақстанның Тәжікстанның экономикалық дамуына атсалысу мүддесі бұл санның арта түсетінін меңзейді, $100 млн көлемінде бірлескен инвестициялық қор құрылды, ол экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізуге тиіс».
А. Ахметов бұған қоса Қазақстанның ЖОО-да 100 тәжік студентін қабылдау жоспарланғанын, бұл сан да осымен шектеліп қалмайтынын айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті