ҚР ІІМ жол қозғалысы ережесінің алдағы уақыттағы күшейтілуіне түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ жол қозғалысы ережесінің алдағы уақыттағы күшейтілуіне түсініктеме берді

ҚР ІІМ жол қозғалысы ережесінің алдағы уақыттағы күшейтілуіне түсініктеме берді

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов бүгін брифингте жол қозғалысы ережесінің алдағы уақыттағы күшейтілуіне түсініктеме берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Шiлде 2008
  • 576
Фото - Caravan.kz

Ө. Түсімов хабарлағандай, 5 шілде күні мемлекет басшысы «Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған. Оның айтуынша, бұл заң Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс пен «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» заңға өзгертулер енгізуді қарастырады.

«Көлікпен жасалған заң бұзушылықтарға байланысты жауапкершіліктің тізбекті түрде қатаңдатыған жүйесі енгізіледі. Бірінші рет заң бұзсаң — айыппұл тағайындалады, екінші рет — айыппұлға қоса білімің тексеріледі, үшінші мәрте — жүргізуші куәлігінен айырылу күтіп тұр. Айыппұл көлемі мен жүргізуші құқығынан айырылу мерзімінің баламалы мөлшері жойылады. Айыппұл болса — нақты бір сома; егер жүргізуші куәлігінен айыру болса — нақты бір мерзім алты ай, екі жыл, бес жыл, он жыл болып белгіленеді», — деп хабарлады Жол полициясы комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті