Қырғызстанда халықтың 39,9 пайызы кедейлер санатына жатқызылады - Қырғызстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда халықтың 39,9 пайызы кедейлер санатына жатқызылады - Қырғызстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қырғызстанда халықтың 39,9 пайызы кедейлер санатына жатқызылады - Қырғызстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Душанбе. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Уктомхан Абдуллаева қазіргі таңда Қырғызстанда халықтың 39,9 пайызы кедейлер санатына (табыстары 860 сом) жатқызылатыны, оның ішінде 9,1 пайызы аса кедей екендігі және тек 12,2 пайызының табысы 2,2 мың сомнан асатыны жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 16 Шiлде 2008
  • 420
Фото - Caravan.kz

У. Абдуллаева 5,27 млн халықтың қазіргі уақытта 18 пайызы атаулы әлеуметтік көмек алып отырғанын атап өтті. Әлеуметтік қорғаудың негізгі шарасы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақы, зейнетақы және жәрдемақы көлемін арттыру болып табылады. Зейнетақының орташа көлемі 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап 10 пайызға арттырылған. Қазан айында да көтеріледі деп күтіліп отыр. Бұл ретте орташа зейнетақы 1278 сомды құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті