Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі П. Морель сейсенбі күні Душанбеге екі күндік сапарын аяқтаған. Ол сапардың аясында республика президенті Эмомали Рахмонмен, сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифимен және Есірткіні бақылау агенттігінің директоры Рустам Назаровпен келіссөздер жүргізген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті