Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексере бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексере бастады

Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексере бастады

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексере бастады. Бұл туралы бүгін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің нарық субьектілерінің бәсекеге қарсы іс-әрекетін анықтау департаментінің директоры Рахат Тұрсынов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Шiлде 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

«Әлемдік нарықтағы қазіргі ағымға сай агенттік жанар-жағармай бағасының өсетіндігі болжаған. Дейтұрғанмен, бірқатар субъектілер жиын-терім науқаны мен азық дайындау секілді объективті себептерді ескеріп жанар-жағармай бағасын көтеріп жіберді», — деді Р. Тұрсынов.

Оның айтуынша, Бәсекелестікті қорғау агенттігі қазір Қазақстанның мұнай өнімдері нарығындағы 30 ірі ойыншыны тексеріп жатыр. «Тексерулер мамырдың аяғы мен маусымның басында басталған. Тексеру мерзімі — бір ай, бірақ, олар әр өңірде түрлі уақытта басталғандықтан, әзірге біз оның нәтижесін жариялай алмаймыз. Бағаны ымыраласа белгілеу дерегі болуы да, болмауы да мүмкін. Бірақ ондай дерек анықталған жағдайда агенттік іс материалдарын бірден сотқа өткізеді», — деді департамент директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті