В. Собкаловтың айтуынша, үш елдің теміржолшыларының жұмыс тобының кездесуі келесі аптада Ауғанстанда өтеді. Олар жолдың өтетін орнын қарастырып, айқындайды. Тәжік жағы Ауғанстан шекаарсына дейінгі жол тармағының техника-экономикалық негіздемесін дайындап қойған.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бұл мәселені осы жылдың тамыз айының аяғында Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті шеңберінде өзінің Ауғанстандық әріптесі Хамид Карзаймен және Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадпен бірлесе қарайды деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті