Қарағанды облысында табылған оқ-дәрі мен қару-жараққа сараптама жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында табылған оқ-дәрі мен қару-жараққа сараптама жасалды

Қарағанды облысында табылған оқ-дәрі мен қару-жараққа сараптама жасалды

Алматы. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында табылған оқ-дәрі мен қару-жараққа сараптама жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Шiлде 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 15 шілдеде Зардаптарды жоюдың құрама отрядының миналарды жою тобы табылған қару-жарақты сұрыптау барысында 417 дана артиллериялық снарядтың корпусы тексерілді. Соның ішінде 152 миллиметрлік жарықшақты-фугасты снаряд — 279 дана , 125 миллиметрлік жарықшақты-фугасты снаряд — 25 дана, 122 миллиметрлік жарықшақты-фугасты снаряд — 90 дана , 120 миллиметрлік жарықшақты-фугасты снаряд — 23 дана (жалпы салмағы 12615,5 килограмм), соның ішінде жарылыс қаупі бары — 13 дана, 152 миллиметрліктен — 7 дана, 122 миллиметрліктен 6 дана (жалпы салмағы — 388 килограмм) болды. Олар «Тоқырау» әскери бөлімінің аумағына шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті