«Негізінен кепілдеме немесе табысын растау талап етілмейтін несиелер рәсімделген. Делдалдар туыстар немесе таныстар арқылы табылып отырған. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына айрықша көңіл бөлінген», — деп жазады басылым.
Газеттің ақпаратына сүйенсек, аталмыш топтардың мүшелері болашақ құрбанға несие рәсімдеп ақшаны оларға беруге көндірген. Ал құжаттарын пайдаланғаны үшін несие көлемінің 5-10 пайызы көлеміндей сыйақы беріп келген. Адамдар олардың сөздеріне сенген. Біршама уақыт өткеннен кейін несиені рәсімдеушінің атына міндеттемелерін орындамағаны жөнінде банктің ескертулері келіп түскен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті