ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі астық нарығын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі астық нарығын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын жасады

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі астық нарығын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын жасады

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі астық нарығын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулердің жобасын жасады. Бұл туралы бүгін өткен алқа мәжілісінде министрліктің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Шiлде 2008
  • 569
Фото - Caravan.kz

«ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ішкі нарықты астықпен қамтамасыз ету мәселесін заңнамалық реттеу мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң жобасын жасады, қазір ол мүдделі мемлекеттік органдарда келісілуде, заң жобасында ішкі астық нарығын реттеудің жаңа тетіктері қарастырылған», — деді А. Буць.

Атап айтсақ, заң жобасында «агент — «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» ҰК АҚ республикалық бюджет есебінен астықтың тұрақтандыру қорын құратындығы» қарастырылған. Қазір бұл мәселені үкімет қарап жатыр.

Заң жобасымен сонымен қатар «тұрақтандыру ресурсына міндетті түрде астық өткізу» көзделінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті