Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанның әскери ұшқыштарының жалпы ұшу уақыты 10 500 сағаттан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанның әскери ұшқыштарының жалпы ұшу уақыты 10 500 сағаттан асты

Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанның әскери ұшқыштарының жалпы ұшу уақыты 10 500 сағаттан асты

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанның әскери ұшқыштарының жалпы ұшу уақыты 10 500 сағаттан асты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Шiлде 2008
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Егер былтыр авиабөлімшелердегі жалпы ұшу уақыты 16 600 сағаттан асса, биыл жыл басынан бері бұл көрсеткіш 10 500 сағаттан асып үлгерді».

Былтыр әскер түрлерінің жауынгерлік дайындығына бөлінген қаражат үш есе ұлғайтылып, 10,6 млрд теңге болған. Нәтижесінде, майдан авиациясындағы бір ұшқыштың ұшу уақыты жылына 24-тен 60 сағатқа дейін, армия авиациясының ұшқышы ұшатын уақыт 38-ден 80 сағатқа дейін, әскери-транспорттық ұшқыштың уақыты 60-тан 100 сағатқа дейін жетті.

«Бір механик-жүргізушінің айдауға шығу уақыты бір жарым есе өссе, ал жаяу әскерде танктер, БМП мен атыс қаруынан атулар саны 27%-ға артты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті