Қазақстанның көлік саласын дамытуға таяудағы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 1,3 трлн астам теңге бөлу жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның көлік саласын дамытуға таяудағы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 1,3 трлн астам теңге бөлу жоспарланған

Қазақстанның көлік саласын дамытуға таяудағы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 1,3 трлн астам теңге бөлу жоспарланған

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның көлік саласын дамытуға таяудағы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 1,3 трлн астам теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде бүгін Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Салтанат Рахымбекова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Шiлде 2008
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Республикалық бюджеттен 2009 — 2011 жылдары транспорт саласын дамытуға 1 трлн 306 млрд теңге, соның ішінде 2009-жылы — 371 млрд теңге сұрадық», -деді С. Рахымбекова.

Жоспарланған бюджеттің 80% даму бағдарламаларын жүзеге асыруға, шамамен 400 млрд теңгесі облыстық, Алматы және Астана қалалық бюджеттерге жергілікті инфрақұрылымды дамытуға мақсатты трансферт ретінде бөлінеді.

Республикалық бюджеттік комиссияның соңғы отырысында министрліктің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына қолдау көрсетіліп, 2009 жылы 66 млрд теңге бөлінетін болды, бұл ағымдағы жылғы қаражат көлемінен 17,3 млрд теңгеге, немесе 35%-ға артық, деді департамент директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті