Қазақстанда жасалған қарудың жаңа үлгілері дәлдігі жоғары қарулардың дамуы саласындағы әлемдік үрдістерге сай - Қорғаныс министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жасалған  қарудың жаңа үлгілері дәлдігі жоғары қарулардың дамуы саласындағы әлемдік үрдістерге сай - Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда жасалған қарудың жаңа үлгілері дәлдігі жоғары қарулардың дамуы саласындағы әлемдік үрдістерге сай - Қорғаныс министрлігі

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жасалған қарудың жаңа үлгілері дәлдігі жоғары қарулардың дамуы саласындағы әлемдік үрдістерге сай келеді. ҚР Қорғаныс күштерін қарумен және әскери техникамен қамтамасыз етудің бас басқармасының бастығы Амантай Жотабаев журналистерге берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Шiлде 2008
  • 716
Фото - Caravan.kz

«Қазір дүние жүзі қару мен жеке құрамды басқару жүйесіне және атуды бақылау жүйесіне көшіп жатыр. Біз қаруланудың жаңа түрлерін — «Айбат», «Семсер» және «Найза» артиллериялық жүйелерін жасау кезінде пилотсыз ұшу аппаратын пайдаландық. Ол осы жүйелерге нысаналардың орналасуы, қашықтығы жөніндегі ақпаратты жіберіп отырады. Яғни, пилотсыз ұшу аппаратынан алынған тапсырмалардың барлық жүйесін бұл қару сол арада қабылдайтын болады», — деді А. Жотабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті