Қазақстан үш жылда өз аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін 33%-ға көбейтуді жоспарлап отыр - Көлік және коммуникация министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үш жылда өз аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін 33%-ға көбейтуді жоспарлап отыр - Көлік және коммуникация министрлігі

Қазақстан үш жылда өз аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін 33%-ға көбейтуді жоспарлап отыр - Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үш жылда өз аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін 33%-ға көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде бүгін Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Салтанат Рахымбекова мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 17 Шiлде 2008
  • 643
Фото - Caravan.kz

«Үш жылда ел аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін 33%-ға, ал транзиттік тасымалдар кірісін 30%-ға көбейтуді жоспарлап отырмыз»,- деді ол.

«Стратегиялық бағыттағы мақсаттардың бірі Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемін ұлғайтуға саяды. Ол үшін республиканың транспорттық кешенін халықаралық транспорттық желіге интеграциялау деңгейін көтеру қажет», — деді С. Рахымбекова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті