Азық-түлік келісімшарты корпорациясы 2008 жылы ауыл шаруашылығына 70 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік келісімшарты корпорациясы 2008 жылы ауыл шаруашылығына 70 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр

Азық-түлік келісімшарты корпорациясы 2008 жылы ауыл шаруашылығына 70 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр

Астана. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ 2008 жылы ауыл шаруашылық өндірісіне 70 млрд теңге инвестиция салуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында сөз алған "Азық-түлік келісімшарты корпорациясы" АҚ президенті Руслан Әзімов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 17 Шiлде 2008
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Биыл корпорация ауыл шаруашылығының өндірісіне 70 млрд теңгеге дейінгі көлемдегі қаражат салуды жоспарлап отыр. Оның 39 млрд теңгесі астық саласын қаржыландыруға жұмсалады», — деп мәлімдеді Р. Әзімов.

Сонымен қатар, ол жер иелерін қаржыландыру шарттарының өзгергенін хабарлады. «Көктемде жер иелері гектарына 100 АҚШ доллары қаржыландырылады. Ал баға күзде дүниежүзілік нарық жағдайына сәйкес анықталады», — деп түсіндірді «Азық-түлік келісімшарты корпорациясының» басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті