деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, Қ.Бакиев Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесуге РФ премьер-министрі Владимир Путиннің де қатысқанын айтты.
Президенттің айтуынша, осындай форматта «Қырғызстан мен Ресейдің екі жақты қарым-қатынастарының қазіргі кезеңдегі мәселелері, сондай-ақ, екі жақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды».
«Ауқымды инвестициялар жайлы да сөз қозғалды. Біз қазір «Қамбарата-2» СЭС өз күшімізбен салып жатқанымыз белгілі, бірақ мен Д. Медведев пен В.Путинге Ресейдің «Қамбарата-2» және «Қамбарата-1″ су электр станцияларын салуға инвестиция салуды ұсындым. Менің ұсынысымды Ресейдің президенті мен үкімет басшысы қолдады», -деді Қырғызстан президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті