Алматыда 2008 - 2010 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының жобасы жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 2008 - 2010 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының жобасы жасалды

Алматыда 2008 - 2010 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының жобасы жасалды

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Алматы қаласы әкімінің жанындағы іскерлік кеңестің алғашқы отырысында 2008 - 2010 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Шiлде 2008
  • 476
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге Алматы қаласы әкімінің жанынан кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылар кеңесін құру және жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуда технологиялық паркті құру жобалары таныстырылды.

«Отырыс қорытындысы бойынша іскерлік кеңестің жанынан жаңа Салық кодексіне ұсыныстар әзірлеу бойынша, бизнесті дамытуға экономикалық ықпал ету бойынша және 2008 — 2010 жылдарға арналған қалалық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасын пысықтау бойынша жұмыс топтарын құру жөнінде шешім қабылданды», — деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті