«Мұнай ресурстарына қатысты айтарым, қазір ішкі нарыққа тасымалды айтарлықтай арттыру бойынша шешім қабылданды», — деп атап көрсетті министр.
«Біз бұл мәселені әкімшілік тұрғыдан жартылай реттейміз. Осыны істеуге мәжбүрміз. Егер (мұнай өңдейтін зауыттарға шикі мұнайды дер кезінде жеткізбеу бойынша — агенттік ескертпесі) қалыптасқан жағдай тез арада түзелмесе, таяу күндері ішкі нарыққа мұнай жеткізу жөніндегі тапсырманы орындамай отырған жер қойнауын пайдаланушылар үшін шикі мұнай экспорты бойынша қосымша шектеулер қабылданады», — деп мәлімдеді С. Мыңбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті