«Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары бізге іс жүзінде бағынбайды, олар жергілікті әкімдерге бағынады. Қайта құрылымдау қадағалау мен тәртіпті күшейтуге мүмкіндік береді», — деді А. Белоног. Сонымен бірге, қазіргі құрылымды өзгерту маман дайындауды жақсартып, қызметті оңтайландыруға, жергілікті жерлердегі мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау органдарын басқарудың біртұтас жүйесін жасауға мүмкіндік береді.
Өңірлердегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын тікелей мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағына беру арқылы түзілетін тігінен басқару құрылымы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті