«Кеше Шымкенттегі электр қуатының шектеуі 20 МВт/сағатты, бүгін 30 МВт/сағатты құрады. Дүйсенбі күні шектеу 40 МВт-қа, ал сейсенбі күні 50 МВт-қа жетеді. Ал қаланың орташа қажеттілігі 80 МВт/сағатты құрайды. Мен бұны Жамбыл ЖЭС электр қуатын сатып алуға қаншалықты қаражатымыз жететіндігінен айтып отырмын», — деп мәлімдеді Салтанат Игісінова.
С. Игісінова мен Ғ. Жауторғаевтың айтуларынша, монополияға қарсы агенттіктің электр қуатының бағасын арттыруға берген өтініштерін қабылдамауы Оңтүстік Қазақстанның энергетиктерін өте ауыр жағдайға қалдырған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті