Павлодар облысында Павлодар мұнай химия зауытының тоқтауына байланысты жинау науқаны үшін белгіленген бағамен дизельдік отын шығару шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында Павлодар мұнай химия зауытының тоқтауына байланысты жинау науқаны үшін белгіленген бағамен дизельдік отын шығару шектелді

Павлодар облысында Павлодар мұнай химия зауытының тоқтауына байланысты жинау науқаны үшін белгіленген бағамен дизельдік отын шығару шектелді

Павлодар. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында Павлодар мұнай химия зауытының тоқтауына байланысты жинау науқаны үшін белгіленген бағамен дизельдік отын шығару шектелді. Бұл туралы сенбі күні журналистерге облыстық ауыл шаруашылық департаментінің директоры Нұржан Әшімбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Шiлде 2008
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Өңірдегі жанар-жағармай өнімдерін жеткізіп отырған негізгі оператор «Гелиос» компаниясы бұны Павлодар мұнай химия зауытының тоқтауына байланысты дайын өнімнің қорының шектелгендігімен байланыстырып отыр. Сондықтан, олар барлығын бірдей дизельдік отынмен толығымен қамтамасыз ете алмайды», — деді ауыл шаруашылық департаментінің жетекшісі. «Компания шілде айында бізге 1 200 тоннадан артық солярка бере алмайтындарын айтты», — деп түсіндірді Н. Әшімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті