"Достық" каналына келетін су көлемі секундына 75 текше метрге дейін ұлғайтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Достық" каналына келетін су көлемі секундына 75 текше метрге дейін ұлғайтылды

"Достық" каналына келетін су көлемі секундына 75 текше метрге дейін ұлғайтылды

Шымкент. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында "Достық" каналына келетін су көлемі секундына 75 текше метрге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" РМК хабарлады.

  • 21 Шiлде 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

Мамандардың айтуынша, Өзбекстан өкілдері «Югводхоз» РМК -ына хат жолдап, онда «жіберілетін су көлемі секундына 85 текше метрге жеткізіледі, ол кестеге сай деп сендіреді».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18 шілдеде вице-премьер Өмірзақ Шүкеев Өзбекстан үкімет басшысының орынбасары Рустам Азимовқа Өзбекстан жағының Қазақстанға су транзиті бойынша жүктеп алған мәіндеттемесін орындамай отыруының залал-зардабын ескертіп үкіметтік жеделхат жіберген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті