Үш "Глонасс-М" навигациялық жер серіктерін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш "Глонасс-М" навигациялық жер серіктерін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке белгіленді

Үш "Глонасс-М" навигациялық жер серіктерін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке белгіленді

Байқоңыр. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Үш "Глонасс-М" навигациялық жер серіктерін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке белгіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Роскосмостың" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Шiлде 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Ақпараттық жер серіктерінің жүйесі» ААҚ бас директоры Николай Тестоедов хабарлағандай, Ресейдің құрамында 24 жұмыс істейтін және 6 қосалқы ғарыш аппараттары бар ГЛОНАСС (Глобальная навигационная спутниковая система — Жаһандық навигациялық жер серіктерінің жүйесі) орбиталық топтамасы жоспарланған мерзімде қалыптасатын болады.

«Қазір «Ақпараттық жер серіктерінің жүйесі» ұшырылымы 25 қыркүйекке белгіленген үш «Глонасс-М» ғарыш аппараттарын Байқоңырға жөнелтуге дайын. Ал 25 желтоқсанда көкке көтеру жоспарланып отырған тағы да үш «Глонасс-М» аппараттары жиынтықтау сатысында тұр», — деп атап көрсетті Н. Тестоедов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті