ҚР премьер-министрі Қашаған бойынша консорциум мүшелерімен телемәслихат өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі Қашаған бойынша консорциум мүшелерімен телемәслихат өткізді

ҚР премьер-министрі Қашаған бойынша консорциум мүшелерімен телемәслихат өткізді

Астана. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жұма күні ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қашаған жобасы бойынша консорциум мүшелері болып табылатын компаниялардың президенттерімен және директорлар кеңесінің төрағаларымен телемәслихат өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Шiлде 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, К. Мәсімов, атап айтқанда, Йерун Ван дер Вир (Shell), Кристоф Де Маржери (Total), Джеймс Малва (ConocoPhillps), Паоло Скарони (Eni), Рекс Тиллеррсон (Exxon) және Наоки Куродамен (Inpex) телефон арқылы келіссөздер өткізген.

«Премьер-министр «Қашаған жобасы сенімді жолға түскеніне» сенім білдірді. Ол консорциумға Қашаған жобасы аясында келешекте кедергісіз және қиындықсыз коммерциялық өңдеуде жетістіктер мен табыс тіледі», — тіледі көрсетілген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті