«Белгісіз біреулер қарағайларды бір тәулікте кесіп тастаған. Браконьерлер ағаштың бір бөлігін әкетіп үлгерген, ал бір бөлігін кесілген жерлерінде қалыпты. Мемлекетке келген шығын көлемі 1,2 млн теңгені құрады», — деді Б. Торғаев.
Орманшылар мен Бесқарағай АІІБ қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекеттерінің арқасында ағаш ителген екі «КамАЗ» бен мемлекеттік нөмірі жоқ екі «МТЗ-80» тракторы табылған. Полицейлер 45 текше метр қарағайды кесуді ұйымдастырушы Глуховка ауылының 50 жастағы шаруа қожалығының басшысы екенін анықтады.
Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабының 3 -тармағы бойынша ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, оны жауапкершілікке тарту мәселесі шешілу үстінде.
Жыл басынан бері «Семей орманы» резерватында ағаш кесу дерегі бойынша 9 қылмыстық іс қозғалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті